8–9 сәуірде 2025 жылы PSI Group компаниясы Пәкістанның Исламабад қаласында өткен Pakistan Minerals Investment Forum 2025 халықаралық форумына қатысты. Бұл форум Пәкістан Үкіметінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін, аймақтағы тау-кен өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайтын маңызды алаңдардың бірі болып табылады.
Форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық компаниялар, инвесторлар, ғылыми-зерттеу институттары мен техникалық кеңесшілер минералдық ресурстар саласының даму болашағын талқылады. 2025 жылғы форумның басты тақырыптары – Пәкістандағы тау-кен өндірісіне инвестиция тарту, технологияларды жаңғырту, цифрландыру және экологиялық тұрақтылық болды.
PSI Қазақстаннан қатысқан жалғыз компания ретінде еліміздің тау-кен өнеркәсібін халықаралық деңгейде таныстырды. Біздің стендімізге мемлекеттік мекемелер мен салалық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық болды.
Форум барысында Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшілігінің өкілдері келіп, біздің қатысуымызға қолдау білдірді. Олардың қолдауы біз үшін үлкен мәртебе болды. Біз Елшілікке көрсеткен қолдауы мен халықаралық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.
Бұл форумға қатысу PSI үшін халықаралық деңгейде өз қатысуын кеңейтуге, жаңа әріптестік байланыстар орнатуға және өнеркәсіптегі тұрақты даму мен сапа менеджменті саласындағы тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік болды.