Новости PSI

ТҮРКІСТАНДА 200 АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАУЫТТЫҢ НЕГІЗІ ҚАЛАНДЫ

«Жаңа өндірістерді ашу және жұмыс орындарын көбейту біздің басты міндетіміз болып табылады. Біз инвесторлармен белсенді келіссөздер жүргізіп, маңызды келісімдерге қол қоюдамыз. Бұл зауыт өңірдің дамуына серпін беретініне сенімдімін», – деді облыс басшысы өз сөзінде.

Зауыт жобасын PSI Machinery директоры Павел Беклемишев таныстырды. 2025 жылы ашылады деп жоспарланған жаңа зауыт ауыр құрылғыларды, тіркемелерді, бөлшектерді, жүк көліктері мен арнайы техникаға арналған металл конструкцияларды шығаратын болады. Өнімдер тау-кен өндіру өнеркәсібі және басқа да құрылыс салаларының қажеттіліктеріне бағытталады.

Жобаның құны 8,33 млрд теңгені құрайды, ал зауыттың аумағы 20 гектарды қамтиды. Кәсіпорында 200 жұмыс орны құрылып, оның жылдық өндірістік қуаты 965 тоннаны құрайды.

PSI Machinery өз өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірдің индустриалдық әлеуетін арттыруға және жергілікті экономиканы қолдауға елеулі үлес қосуды жалғастыруда.
Қазақша