Басты бет / ҚЫЗМЕТТЕР / BIM
BIM
KAZ
BIM 3D модельдеу
BIM (Building Information Modeling) — бұл ақпараттық моделдеу технологиясы, құрылыс объектілерін, соның ішінде азаматтық және өндірістік мақсаттағы ғимараттарды моделдеуге мүмкіндік береді.
3D жобалаудың негізгі артықшылығы — оның соңғы нәтижені нақты көрсету қабілеті. Көптеген түсініксіз сызбалардың орнына тапсырыс беруші жобаны шынайы кескін ретінде көреді, оны бұрып, түрлі бұрыштардан және әртүрлі масштабта қарауға болады. Сонымен қатар, 3D жоба статикалық емес: тапсырыс берушінің сұрауымен өзгерістер енгізуге болады және олардың нәтижелерін бірден бағалауға болады, практикалық іске асыру мүмкіндігін қоса алғанда. Объектінің визуализациясымен қатар автоматты түрде сәйкес жобалық құжаттама да жасалады.
Жобалау кезінде жиі коллизиялар, қабаттасулар мен қателер туындайды. Құрылыс кезеңінде (метал мен бетонда) түзетулер елеулі қаржылық шығындарға және нысанды пайдалануға беру мерзімінің кешігуіне әкелуі мүмкін. Үш өлшемді модельдермен жұмыс істеу жобаны жасау кезеңінде осы қателерді бірден анықтауға және жоюға (минимизациялауға) мүмкіндік береді. Бір институттың жобасын ашып, екінші жобаны қосып, бәрінің шын мәнінде қалай көрінетінін көруге болады.